Бас жаңалықтар
Ауа райы. Бес облыста ескерту жарияланды
15 Қыркүйек 2021, 22:28 333

Ауа райы. Бес облыста ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет қызметі 16 қыркүйектегі ауа райына байланысты еліміздің бес өңірінде ескерту жариялады.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде найзағай жарқылдап, тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, түнде облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с, облыстың оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с болады.

Қарағанды облысының оңтүстік-батысынан жел соғады. Күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с жетеді. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының солтүстік-батысында, күндіз басым бөлігінде найзағай жарқылдайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстік-батысында, күндіз басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с болады.

Қызылорда облысының орталығында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с болады деп болжанды. Төтенше өрт қаупі бар.

Ақтөбе облысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында, шығысында екпіні 15-20 м/с болатын жел соғады.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...