Ауа райы. 8 облыста ескерту жарияланды

8 Наурыз 2021, 20:48
1269
Бөлісу:
Ауа райы. 8 облыста ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет 9 наурыз күнгі ауа райына байланысты еліміздің 8 облысында дауылды ескерту жариялады.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болып, оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады. Кей жерлерде 15-20 м/с-қа жетеді. Кей жерлерінде тұман түседі.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соққан жел кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с дейін жетеді.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. 

Ақтау қаласында көктайғақ болады.

Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғып, тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с болады.

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғып, тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің күші 15-20 м/с, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с дейін жетеді. 

Петропавл қаласында оңтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады, күтіледі.

Өзгелердің жаңалығы