Ауа райы. 7 өңірде дауылды ескерту жарияланды

15 Қараша 2021, 19:19
619
Бөлісу:
Ауа райы. 7 өңірде дауылды ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет 16 қарашаға арналған ауа райы бойынша еліміздің 7 өңірінде дауылды ескерту жариялады.

Ақмола облысының солтүстігінде тұман күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының батысында тұман, түнде облыстың оңтүстік-шығысында көктайғақ күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Қызылорда облысының солтүстігінде және орталығында көктайғақ, тұман күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел солтүстікке ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде 15-20 м/с күтіледі.

Атырау облысының батысынды және шығысында жаяу бұрқасын, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде және орталығында тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші облыстың батысында және шығысында 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, түнде облыстың батысында, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ақтау қаласында 16 қарашада көктайғақ күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Алматы облысында түнде және таңертең оңтүстік және шығысында тұман, көктайғақ сақталады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында 15-20, екпіні 25 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында тұман күтіледі.

Өзгелердің жаңалығы