5 ақпанға арналған ауа райы болжамы

5 Ақпан 2019, 08:15
2391
Бөлісу:
5 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК смноптиктерінің болжамына қарағанда, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз, жауын-шашынды болады.

Күндіз республиканың оңтүстігіндегі тауларда қатты жауын-шашын болуы мүмкін. Тек оңтүстік-батыста ауа райы жауын-шашынсыз. Кей жерде тұман, көктайғақ, бұрқасын сақталады, жел күшейеді. 

Ақмола, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, түнде Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде бұрқасын күтіледі, жел күші 15-20 м/с, түнде Ақмола, Солтүстік Қазақстан, күндіз Павлодар, Қарағанды облыстарында екпіні 23-28 м/с жетеді.

Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ болуы ықтимал, жел жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с күшейеді. Түркістан облысының кей жерінде бұрқасын болуы ықтимал.

Қызылорда, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ, Қызылорда облысының кей жерінде бұрқасын болуы мүмкін, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау облысының кей жерінде тұман түседі.

Алматы облысының кей жерінде жел 17-22 м/с күшейеді, күндіз көктайғақ болады.
Өзгелердің жаңалығы