Бас жаңалықтар
4 ақпанға арналған ауа райы болжамы
04 Ақпан 2019, 08:15 1107

4 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" синоптиктерінің болжамына қарағанда еліміздің басым облыстарында фронттардың өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады. 

Тек республикамыздың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болуы мүмкін. Кей жерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі ықтимал.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қостанай, күндіз Қарағанды облыстарының кей жерінде бұрқасын, желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшеюі, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман түсуі мүмкін.

Қызылорда, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерінде тұман, Маңғыстау облысының кей жерінде көктайғақ, Жамбыл, күндіз Түркістан облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с дейін жетеді.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 18-23 м/с.

Қазақстанның басым облыстарында фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады. Тек республикамыздың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың кей жерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, жел күшеюі мүмкін.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қостанай, күндіз Қарағанды облыстарының кей жерінде бұрқасын, жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшеюі, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман түсуі ықтимал.

Қызылорда, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерінде тұман, Маңғыстау облысының кей жерінде – көктайғақ, Жамбыл, күндіз Түркістан облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 18-23 м/с дейін жетеді.

Сізден жаңалық