Сәуірде ауа райы 30 градусқа дейін ысуы мүмкін

1 Сәуір 2019, 21:06
2797
Бөлісу:
Сәуірде ауа райы 30 градусқа дейін ысуы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет сәуір айына арналған ауа райы болжамын ұсынды. Сәуір айы солтүстік бөлікте климаттық норма шегінде, ал оңтүстік бөлікте нормадан 1°С жоғары болады.

Бірінші және екінші онкүндікте Скандинавиа аймағынан солтүстік-батыс және Ресейдің Еуропалық аумағының оңтүстігінен батыс басып кіру жиі күтіледі.

Соның нәтижесінде суытудың 2 толқыны болжанады. Ауа температурасының төмендеуі бірінші онкүндіктің ортасында және екінші онкүндіктің бірінші жартысында ауа температурасы еліміздің солтүстік және солтүстік-батысында түнде 3...8 дейін төмендеуі, кей жерлерде 11 градус аяз, күндіз 0...5 градус, кей жерлерде 8 градус жылы болуы болжанады.

Оңтүстік жартыда түнде 0...5 градус жылы, кей жерлерде 0 градус, күндіз 10...15 градусқа дейін, кей жерлерде 20 градус жылы болады.

Батыста бірінші және екінші онкүндіктің басында суытады, түнде 0...5 градус аязға дейін, күндіз 5...10 градусқа дейін жылылық болжанады.

Орталықта және шығыста бірінші онкүндіктің соңы мен екінші онкүндіктің ортасында суыту толқыны ығысады. Ауа температурасы түнде 3...8 градусқа дейін, кей жерлерде 11 градус аязға дейін, күндіз 5...10 градус жылыға дейін төмендейді.

Ауа температурасының төмендеу аралығы жылу толқынымен ауысатын болады. Жеке күндері бірінші және үшінші онкүндіктердің басында ауа температурасы солтүстікте, орталықта және шығыста 8...13 градусқа дейін жылитын болады. Кей жерлерде 18 градус жылы, еліміздің оңтүстік-батыс және оңтүстік бөлігінде 20...25 градусқа дейін ыстық болады. Сонымен қатар, кей жерлерде 15 градус жылы, үшінші онкүндіктің басында кей жерлерде ауа температурасы 30 градусқа дейін ысиды.

Сәуірде республиканың басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері нормаға жуық, республикамыздың оңтүстік-батыс бөлігінде және орталықтың кей жерлерінде нормадан аз, еліміздің шығысында және оңтүстік-шығысында кей жерлерде нормадан жоғары болады.

Ескерту: Синоптикалық жағдайдың өзгеруі бойынша консультативтік болжам айтарлықтай өзгерістерге ұшырауы мүмкін.

Өзгелердің жаңалығы