Бас жаңалықтар
20 ақпанға арналған ауа райы болжамы
20 Ақпан 2019, 08:15 405

20 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, ел аумағы бойынша фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады. Соған байланысты жауын-шашын, оңтүстік өңірлерде қатты жауын-шашын жауады. Республиканың кей жерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді.

Түркістан, Жамбыл облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын байқалып, жел 15-20 м/с, кей жерде екпіні 25 м/с күтіледі. 

Қызылорда облысының кей жерінде тұман, көктайғақ болады, таңертең және күндіз жел 15-20 м/с дейін күшейеді. 

Маңғыстау облысының кей жерінде тұман, жел 15-20 м/с, түнде кей жерде бұрқасын, көктайғақ болады.

Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерінде жаяу бұрқасын, тұман, жел 15-20 м/с күшейеді.

Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде бұрқасын, көктайғақ, жел 15-20 м/с күтіледі.

Түнде Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде жаяу бұрқасын, күндіз жел 15-20 м/с бақыланады.

Ақтөбе облысының кей жерінде жаяу бұрқасын, жел 18 м/с күтіледі. 

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 18-23 м/с дейін күшейеді.

Сізден жаңалық