2 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

2 Ақпан 2019, 09:24
1767
Бөлісу:
2 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, еліміздің батысында және солтүстігінде фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты кей жерде қар жауады. 

Республиканың кей аумағында күн ашық болса, кей жерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі сақталады.

Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман, бұрқасын болады, Костанай, күндіз Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарында жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ болып, Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Түркістан, Атырау, Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман түседі, Түркістан облысының кей жерінде жел         15-20 м/с күшейеді. 

Павлодар облысының күндіз кей жерінде бұрқасын болады.

Шығыс Қазақстан облысында түнде қатты аяз болады.

Өзгелердің жаңалығы