Бас жаңалықтар
18 ақпанға арналған ауа райы болжамы
18 Ақпан 2019, 08:15 494

18 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, ел аумағында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады.

Республиканың оңтүстігіндегі тауларда жауын-шашын қатты жауады. Республиканың кей жерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшеюі мүмкін.

Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ, жел 15-20 м/с, ал Ақмола облысында екпіні 25 м/с жетеді. 

Атырау, Ақтөбе, Павлодар облыстарының кей жерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ, түнде кей жерде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с, Павлодар облысының кей жерінде 28 м/с күшейеді. 

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде жаяу бұрқасын, тұман, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде жаяу бұрқасын, көктайғақ, жел  15-22 м/с күшейеді. 

Түркістан, Маңғыстау облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ, жел 15-20 м/с, екпіні 25 м/с күшейеді.

Қызылорда облысының кей жерінде тұман, көктайғақ, түнде кей жерде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с, екпіні 25 м/с күшейеді.

Алматы облысының кей жерінде тұман, көктайғақ, Алакөл көлдерінің ауданында жел 20-25 м/с, түнде екпіні 29 м/с күшейеді. 

Жамбыл облысының кей жерінде тұман, көктайғақ, жел кей жерінде 15-20 м/с, түнде екпіні 23-28 м/с, оңтүстік-батыста 30 м/с дейін жетеді.

Загрузка...

Сізден жаңалық