2 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

2 Қаңтар 2019, 09:55
2586
Бөлісу:
2 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Астана, baq.kz. Бүгін Республиканың басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, қар жауады. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Ақжорға жүріп, жел күшеюі мүмкін.


Қазгидрометтің мәліметінше, Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жел 15-20 м/с күшейеді, Жамбыл облысының кей жерлерінде көктайғақ болады.
Алматы облысының кей жерлерінде көктайғақ болып, тұман түседі.
Қызылорда, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғып, тұман түседі.
Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, түнде Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.
Өзгелердің жаңалығы