Ауған экс-президенті: Терроризммен күресте ШЫҰ жетекші рөл атқаруы керек

11 Қараша 2019, 12:57
3048
Бөлісу:
Ауған экс-президенті: Терроризммен күресте ШЫҰ жетекші рөл атқаруы керек

Нұр-Сұлтан,BAQ.KZ тілшісі. Ауғанстан Ислам Республикасының экс-президенті Хамид Карзай Еуразиядағы терроризм мен экстремизмге қарсы күресте Шанхай ынтымақтастық ұйымының жетекші рөлді алуы тиіс екенін ол Нұр-Сұлтан қаласында өтіп жатқан V Astana Club отырысында мәлімдеді. 

Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясында қауіпсіздікті сақтау механизмдері, әсіресе осы аймақ үшін экстремизм мен терроризммен күресте үздік альтернатива бола алады. Осы мақсатта шынайы жетістіктерге жету үшін механизм құруға ШЫҰ барлық энергиясын, ресурстарын біріктіре алады деп үміттенеміз, - деп мәлімдеді Карзай. 

Шанхай ынтымақтастық ұйымы 2001 жылы Қытай, Ресей, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан көшбасшыларының бастамасымен құрылды. 2017 жылы ұйымға мүше елдер Үндістан мен Пәкістанды ШЫҰ құрамына қосу туралы қол қойды. Бүгінде ШЫҰ бақылаушы елдері – Ауғанстан, Белоруссия, Иран және Монғолия, ал серікстес елдер – Әзербайжан, Армения, Камбоджа, Непал, Түркия және Шри-Ланка.

11-12 қараша күндері "Назарбаев Орталығында" әлемнің жетекші дипломаттары мен саясаткерлерінің және сарапшыларының басын біріктірген саяси форум түріндегі халықаралық беделді пікірталас алаңы - "Астана Клубының" бесінші отырысы өтуде. Клубты ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Тұңғыш президенті – Елбасының Қоры және Әлемдік экономика және саясат институты.

Клубтың мерейтойлық отырысының тақырыбы: "Үлкен Еуразия: жаһандық ынтымақтастықтың жаңа құрылымы жолында".
Өзгелердің жаңалығы