Бас жаңалықтар
Ауғанстанда ДАИШ-тың 15 содыры жойылды
01 Сәуiр 2019, 18:20 668

Ауғанстанда ДАИШ-тың 15 содыры жойылды

Алматы, BAQ.KZ.  Жексенбі күні Ауғанстан үкіметінің әскерилері Нангархар провинциясының шығысындағы Хогяни ауданында жасырынып жатқан ДАИШ (Қазақстанда тыйым салынған) лаңкестік ұйымының содырларын жою операциясын жүргізді. Нәтижесінде 15 содырдың көзі жойылып, тағы оны жараланды, деп хабарлады осы провинцияның ресми өкілі Аттаулла Хогяни.


«Түнде қауіпсіздік күштері Хогяни ауданы маңында ДАИШ содырларын жою бойынша операция жүргізді. 15-нің көзі жойылып, тағы оны жараланды»,- дейді А. Хогяни.

Қауіпсіздік қызметі мамандары мен бейбіт тұрғындар зардап шекпеген.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...