Ауған ардагерлері жайлы жаңа кітаптар жарық көреді

11 Ақпан 2019, 17:55
2227
Бөлісу:
Ауған ардагерлері жайлы жаңа кітаптар жарық көреді

Астана, BAQ.KZ. Ақтөбе облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Айбек Көпенов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында осылай деді.


Бүгінде Ақтөбе облысында 900-ге жуық ауған соғысының ардагерлері тұрады.

«22 мың қазақстандық Ауғанстан арқылы өтті. Олардың ішінде біздің облысымыздан 1,5 мыңнан астам офицер мен сарбаз бар. Жүзден астам ақтөбелік ауған жауынгері ерлік пен батырлық үшін әскери наградалармен марапатталды. Біздің жерлестеріміздің ішінде 34-і мүгедектік алса, 32 адам жарақат алды. Ал 26 ақтөбелік Ауғанстаннан оралмады, біреуі хабарсыз кетті. Жергілікті атқарушы органдар ауғандықтарға қолдау көрсету бойынша түрлі шаралар қолдануда. Атап айтсақ оларға пәтер, дәрі-дәрмек бөлініп, жыл сайын 50 мың теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек төленеді», - деді Айбек Көпенов.

Мерейтой аясында өңірде бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылады. Атап айтқанда, бүгінде облыстың барлық аудандары мен Ақтөбе қаласында бокстан, футболдан, жүзуден жарыстар өтіп жатыр. Облыста атаулы күнге байланысты салтанатты шара 13 ақпанда басталады. Қалалық мәдениет үйінде интернационалист-жауынгерлерге «Ауғанстаннан Кеңес әскерлерін шығаруына 30 жыл толуына орай» мерейтойлық төсбелгілері табыс етіледі.

«Осы күні С.Бәйішев атындағы облыстық кітапханада «О павших в Афганистане», «Прошедшие Афган...» атты екі кітаптың тұсаукесері өтеді. Сондай-ақ, мамыр айында «Екі ғасырдың батырлары» және «Біз өз антымызды орындадық» атты ауған соғысы туралы екі кітапты жарыққа шығаруды жоспарлап отырмыз. 15 ақпан күні ауған-жауынгерлері ескерткішінің алдында әскердің шығарылғанына 30 жыл толуына арналған митинг өтеді. Сондай-ақ, біз аз қамтылған және көп балалы отбасыларға материалдық көмек көрсету бойынша бірқатар қайырымдылық акциясын өткізуді жоспарлап отырмыз», - деді «Боевое братство участников локальных воин» қоғамдық қорының төрағасы Гумер Галеев.

Өзгелердің жаңалығы