Атыраулық 20 мың тұрғын атаулы әлеуметтік көмек алды

8 Мамыр 2019, 19:47
1705
Бөлісу:
Атыраулық 20 мың тұрғын атаулы әлеуметтік көмек алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысының 20 000-нан астам тұрғыны атаулы әлеуметтік көмек алды.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі мәлімдеді.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Серік Қамидолланың айтуынша, 1 сәуірден бастап 15 233 адамға (2654 отбасы) атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, осы мақсатта 253 млн теңге төленген.

«Атаулы әлеуметтік көмек арыз берген күнге байланысты емес, сол ай есепке алынады. Бүгінге атаулы әлеуметтік көмек жалпы сомасы 341 млн 460 мың теңге, 20 мың адамға (3508 отбасы) тағайындалды», - деді Серік Қамидолла.

Елбасы тапсырмасы бойынша Қазақстанда 1 сәуірден бастап АӘК мөлшері 50%-дан 70%-ға артып, күнкөріс минимумы - 20 789 теңгеге тең болған еді. Бұрын АӘК орташа мөлшері отбасының әр мүшесіне 4 834 теңге болса, сәуірден бастап 20 789 теңге төленеді.

 

Өзгелердің жаңалығы