Атыраулық әйел құрбысын тақырға отырғызып кетті

2 Қараша 2021, 18:32
705
Бөлісу:
Атыраулық әйел құрбысын тақырға отырғызып кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырауда әйел құрбысының сейфінен 54 миллион теңге ұрлап кетті, деп хабарлады Polisia.kz.

Бір аптаға жуық уақыт бойы үйінде болмай, басқа қалаға кетіп, келгенінде сейфтегі 54 миллион теңгесі ұрланғанын көрген 45 жастағы азаматша дереу полицияға хабарласқан. Ұры сейфтен 54 млн теңгені алып, 2 млн теңгені сейфте қалдырған.

Полицейлер барлық бейнекамераны тексерсе де, ұрлыққа қатысты дәйек таппады. Алайда оқиғаға дейін пәтерге келіп, қонақ болып жүргендер арасында жәбірленушінің 42 жастағы құрбысы күдік ұялатқан.

Тергеп-тексеру амалдары барысында күдіктінің қомақты қаражатпен Алматы қаласына кеткендігі анықталды.

Полиция қызметкерлері ұстау барысында әйелден 36 миллион теңге тәркіледі. Күдікті өз кінәсін толықтай мойындады. Атыраулық полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 4-бөлігі бойынша тергеу амалдарын жүргізіп, іс-құжаттарын сотқа жолдады.

Өзгелердің жаңалығы