Атыраулық 5 мың отбасы жарықты жаңа трансформаторлардан алады

28 Қараша 2020, 21:08
2116
Бөлісу:
Атыраулық 5 мың отбасы жарықты жаңа трансформаторлардан алады
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыс орталығына 50 толық жабдықталған жаңа трансформаторлық подстанциялар жеткізілді. Енді жылдар бойы жарыққа қатысты шағымданып келген 5000 отбасының мәселесі шешіледі, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі. 

Электр энергиясын жеткізу сапасын жоғарылатуға қажетті құрылғы облыс орталығы мен қатар қала маңындағы елді мекендерге де орнатылуда. Атап айтқанда, Лесхоз ықшам ауданында 32 көше болса, олардың трансфоматоры кеңестік дәуірден бері жаңартылмаған.  

Атыраулық 5 мың отбасы жарықты жаңа трансформаторлардан алады

Көпқабатты үйлердің тұрғындарының жылдар бойғы арманы орындалды. Алдымен аталған ықшам аудан тұрғындарының мәселесі шешілді. Қолданыстағы трансформаторларға қоса әрқайсысының қуаттылығы 630 квА болатын 2 жаңа трансформатор орнатылды. 

Атыраулық 5 мың отбасы жарықты жаңа трансформаторлардан алады

«Толқын» ықшам ауданы тұрғындарына да жарық енді жаңа трансформатордан таратылады. «Атырау-Жарық» АҚ мамандары жаңа трансформаторларды «Жерұйық» ықшам ауданы мен Ақсай селосына да қондырып үлгерген, - делінген хабарламада.

Кезек бойынша алдағы күндері трансформаторлар «Ескі аэропорт», «Геолог», «Балықшы» және «Жұмыскер» ықшам ааудандарына, жалпы қаланың барлық бөлігіне қойылады.

Атыраулық 5 мың отбасы жарықты жаңа трансформаторлардан алады

Өзгелердің жаңалығы