Бас жаңалықтар
Атыраулық «Жасыл ел» сарбаздары облыс аумағын қоқыстан тазартты
22 Тамыз 2019, 17:08 224

Атыраулық «Жасыл ел» сарбаздары облыс аумағын қоқыстан тазартты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1 маусымнан бастап "Жасыл ел" жасағы 25-тен астам экологиялық акция ұйымдастырып, облыс аумағынан 180 текше метр қоқыс шығарып, 9 000-нан астам ағаштарды суарып ретке келтірді, деп хабарлады Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

2019 жылдың маусым-шілде айларында 2 мыңнан астам сарбаз қала мен облыс аудандарының аумағындағы 1467 гектар жерді тазалады. Бұдан бөлек, күзгі маусымда "Жасыл ел" сарбаздары мұнайлы өлкені көгалдандыру бойынша кең ауқымды жұмыстар атқарады.

«Жасыл ел» жасағы 1 маусымнан 31 қазанға дейін жұмыс жасайды. Қазіргі уақытта жастар елдімекендерді абаттандыру, жасыл желектерді күту, суару бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. Барлығы 2 200 сарбаз бар, олардың 199-і күзгі маусымда жұмыс жасайтын болады. Жастар көшеттерді отырғызу бойынша еңбек етеді», - деді «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының басшысы Абылай Құрметұлы.



Фото: дереккөз
Загрузка...

Сізден жаңалық