Бас жаңалықтар
Атыраулық ақсақалдар үндеу жариялады
02 Мамыр 2019, 20:59 1193

Атыраулық ақсақалдар үндеу жариялады

Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атыраулық ақсақалдар жергілікті кәсіпкерлерге үндеу жариялауда. Кешеден бері әлеуметтік желі арқылы тараған бейнебаяндар көпшіліктің назарын аударды. Олар бейнебаянда қаладағы бірқатар дүкендерді аралап, кәсіпкерлерді арақ-шарап сатпай, осылайша қасиетті айға құрмет көрсетуге шақырған. 

Мұны қаладағы «Сұлтан Бейбарыс» мешіт әкімшілігі мен ақсақалдар алқасы ұйымдастырған. Игі бастаманы көтерген үлкендердің бірі Болат Орынғалиұлы мұндай бастаманы жергілікті кәсіпкерлердің қолдайтынына сенім білдіреді.

«Мұны біз «Сұлтан Бейбарыс» мешіті имамы Ержан Қуанышұлы мен ақсақалдар алқасы бірігіп ұйымдастырдық. Біздің мақсатымыз осы қасиетті рамазан айында дүкендерде харам ішімдіктер сатылмаса дейміз. Осындай бастаманы әрі қарай барлық қазақстандықтар да жалғстырып әкетеді деп ойлаймыз», -дейді «Сұлтан Бейбарыс» мешітіндегі ақсақалдар алқасының мүшесі Болат Жарылғасов.

Сонымен қатар, ақсақалдар алқасы «Сұлтан Бейбарыс» мешітінің өкілдері арнайы дайындаған танымдық парақшаларды да таратқан. Парақшада «Тапқаным адал болсын десеңіз» деген тақырыппен саудагерлердің міндеттері мен ұстанымдары, исламдағы сауда-саттық туралы жазылған. Ақсақалдар адал табыста ғана берекет бар екенін айтады.


Фото: автордан

Сізден жаңалық