Атыраулықтарға 23:00-ден кейін үйлерінен шығуға тыйым салынды

5 Шілде 2020, 13:04
1151
Бөлісу:
Атыраулықтарға 23:00-ден кейін үйлерінен шығуға тыйым салынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысының аумағында 5 шілде сағат 00:00-ден бастап 19 шілде сағат 00:00-ге дейін шектеу шаралары енгізілді, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз орталығында өткен онлайн брифингте  Атырау облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы басшысының орынбасары Сүлеймен Әубәкіров мәлімдеді.
Облыстың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, тұрғындардың қозғалысына шектеу қойылады.  Алайда, азаматтардың тұрғылықты жерінен жұмыс орнына баруға және кері қайтуларына тыйым салынбайды. Тек бұл жағдайда олардың  жұмыс орнынан берілген  анықтама немесе қызметтік куәлігі өздерімен бірге болуы керек.  Сондай-ақ, азық-түлік өнімдерін, қажетті тауарларды, дәрі-дәрмектерді тұрғылықты жеріне жақын орналасқан дүкендер мен дәріханалардан сатып алуға, төтенше жағдайлар туындаған кезде медициналық мекемелерге баруға рұқсат етіледі, - деді Сүлеймен Әубәкіров.

Айта кетейік, тұрғындардың қозғалысына кешкі сағат 23:00-ден таңғы сағат 06:00-ге дейін тыйым салынады.
Өзгелердің жаңалығы