Атыраулық кәсіпкерлер қайырымдылық шарасын қолдауда

4 Сәуір 2020, 07:18
1677
Бөлісу:
Атыраулық кәсіпкерлер қайырымдылық шарасын қолдауда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырауда кәсіпкерлер "Біз біргеміз" акциясы аясында өңірдегі жалғызбасты, мүмкіндігі шектеулі, зейнеткерлерді толық түскі аспен қамтуды қолға алды, деп хабарлайды облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Игі іске бастаған кәсіпкерлер қала әкімдігі және "Нұр Отан"  партиясының қалалық филиалымен бірлесіп, 165 мекенжайды анықтаған. Бүгіннен бастап, әкімдік өкілдері мен әлеуметтік қызметкерлер үйді-үйді аралап, толық түскі ас таратты.


Елбасының үндеуі Атырауда да қолдау тапты. Nomad MMA республикалық федерациясының президенті Гаджиев Гаджи SOSR-мен бірлескен науқаны Алматы, Қарағанды қалаларынан бастау алып, Атырауда жалғасын тапты, - деді қала әкімінің орынбасары Ұлықбек Тналиев.


Айта кетейік, бұл игілікті шара карантин режимі аяқталғанша жалғасады.

Өзгелердің жаңалығы