Атыраудың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеуде

18 Сәуір 2019, 11:13
1896
Бөлісу:
Атыраудың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Атыраудың коммуналдық қызметтері күшейтілген  жұмыс режиміне көшті. Қазіргі уақытта қала көшелерін 5 трактор тазалауда, тағы 3 «Камаз» - қар мен мұзды тазалау үстінде.

Қаланың оң жағалауын 9 вакуумдық машиналар суды сорып жатыр. Жолдарда «Арнаулыавтобаза» ЖШС-нің 290 қызметкері жұмыс жасауда.

"Өткен түнде 420 текше метр су сорылып, екі күн ішінде Атырау көшелерінен шамамен екі мың текше метр су сорылды», - деді «Арнаулыавтобаза» ЖШС директоры Алмас Ізтілеуов.

Өзгелердің жаңалығы