Бас жаңалықтар
Атыраудың бас салықшысы ұсталды
VIDEO
29 Қаңтар 2020, 10:22 1319

Атыраудың бас салықшысы ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.

Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департамент басшысы сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікке ілінді. Қазір оған қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

Ол жүйелі түрде пара алды деп күдіктеліп отыр. Бірінші жағдайда, ол қол астындағы қызметкерін қызмет бойынша көтеріп, жалпы қамқоршылық жасаймын деп одан 10 мың АҚШ долларын сұрап, соның 3 мыңын алған. Екінші жағдайда, жеке кәсіпкерге кәсібіңді салықтық тексеріссіз жауып беруге көмектесімін деп 490 мың теңге пара алған, - делінген агенттік хабарламасында.

Қазіргі кезде күдікті қамауға алынды. Оның кінәсі бойынша нақты шешімді сот қабылдайды.



Фото: дереккөз
Загрузка...