Атыраудан сармат жауынгерінің сүйегі табылды

8 Қазан 2020, 20:25
2935
Бөлісу:
Атыраудан сармат жауынгерінің сүйегі табылды
PHOTO
Фото: автордан

Атырау, BAQ.KZ тілшісі . Атырау облысында археологиялық қазба жұмыстары кезінде темір сауытты жауынгердің мүрдесі табылды. Бұл сарматтар тайпасының батыры болуы мүмкін дейді ғалымдар. Сүйек бүлінбестен, сауыт-сайманы сол күйі сақталған. Мүрде жанында жауынгердің 1 метр семсері мен ат әбзелдері бірге жерленген. Сонымен қатар денесінде алтын, күмістен жасалған бұйымдар да бар.

Бұл 2 мың жыл бұрынғы сармат тайпасының ақсүйегі. Ерекшелігі сол 2 мың жыл бұрынғы тарихымызды зерттеуге мүмкіндік береді. Сүйек еш бүлінбестен сақталған. Тіпті, мүрде жанында барлық саймандары, семсері бар. Темір сауытты мүрде бұған дейін біздің елімізде мүлде кездеспеді. Оған қоса ат әбзелдері бірге жерленген. Мұның барлығын қалпына келтірсек 2 мың жылғы бұрынғы ата-бабамыздың өмірінен, мәдениетінен, этнографиясынан мол мәлімет береді. Мұндай жәдігерлер бұрын соңды археологимызда болған емес,-дейді археолог Марат Қасанов.
20201008_120242.jpg

Археологтардың сөзінше Қызылқоға ауданы Миялы селосы маңынан табылған бұл жәдігерлер тарихымызға өзгеше жаңалық әкеледі. Өйткені мүрдені рентгеннен өткізгенде сыры ашылмаған біраз дүниені байқаған. Бұл жауынгердің сүйегін «Қырым аралы» ғылыми-зерттеу орталығының басшысы, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, рестовратор Қырым Алтынбеков бастаған топ зерттеп, қалпына келтіреді екен.

20201008_120439.jpg

Бұл Қазақстан археологиясындағы керемет жаңалық. Енді біз мұны сақтап қалуымыз керек. Рентген жасап көргеніміздің өзінде біраз құнды заттардың бар екенін байқадық. Соның барлығын зерттейміз. Талай тарихи жаңалықтар ашылуы мүмкін. Біз зерттеу жұмыстарды бастап кеттік. Қанша уақыт алатыны да белгісіз. Өйткені әр шикізатқа анализді бөлек жасаймыз. Олар қандай уақытта дайын болатыны да беймәлім,-дейді «Қырым аралы» ғылыми-зерттеу орталығының басшысы Қырым Алтынбеков.
20201008_121334.jpg

Тарихи құндылықтар табылған қорғандар Қызылқоға ауданы Миялы селосынан солтүстік шығысқа қарай 6 шақырымда, Жангелді елді-мекенінен 2 шақырым жерде орналасқан. Обалар б.э.д ІI ғ. – б.э XI ғасырды қамтиды екен. 

20201008_123015.jpg

Бұл жерлерді алғаш рет 2017 жылы Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінің экспедициясында анықтаған. 

20201008_121703.jpg

Археологтар 3 қорғанға қазба жұмыстарын жүргізген. Бұған ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Атырау облысы әкімдігі қолдау жасаған. 

20201008_122242.jpg

Қазба жұмыстары нәтижесінде күміс,сүйек, қола, күйіктас, қорғасын, әйнек тағы басқа шикізаттардан жасалған 560 жәдігер табылған. 

20201008_130333.jpg

Атырау облысы басшылары өңірден табылған бұл тарихи құндылықтарды зерттеуге, қалпына келтіруге қолдау көрсететіндерін айтады.

20201008_122348.jpg

20201008_122601.jpg

20201008_122317.jpg

 


Өзгелердің жаңалығы