Атыраудан кезекті көктемгі әскери шақыртуға 165 адам барады

13 Мамыр 2020, 21:08
1633
Бөлісу:
Атыраудан кезекті көктемгі әскери шақыртуға 165 адам барады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы бүгін Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің төрағалығымен өткен селекторлық жиында Атырау облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.​

Жалпы, Қазақстан Республикасының әскери құрылымдар қатарына Атырау облысы бойынша ​ көктем мезгіліне берілген жүктемеге сәйкес, 662 адам әскерге баруы қажет.

Бүгінгі таңда ​ республика аумағында карантиндік режим жариялағанға дейін ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметі қатарына ​ 2 команда, яғни 35 ​ әскерге шақырылушы ​ аттанды. Енді 20 мамырдан бастап көктемгі әскери шақыртуға тағы да 165 адам барады" делінген Атырау облысы қорғаныс істері жөніндегі департамент мәліметінде.

Осылайша, 20-30 мамыр аралығында​ Атыраудан​ Қарулы Күштер қатарына​ 95, шекара қызметіне 22, Ұлттық Ұлан сапына​ - 48 адам аттанады деп күтілуде.
Өзгелердің жаңалығы