Бас жаңалықтар
Атырауда жыл басынан бері шамамен 7 мың жүргізушіге куәлік берілді
19 Сәуiр 2019, 22:06 806

Атырауда жыл басынан бері шамамен 7 мың жүргізушіге куәлік берілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгінгі таңда 26 мыңнан астам қызмет көрсетіліп, 7 мыңға жуық жүргізуші куәлігі берілді. Бұл мұнайлы өлкедегі ХҚКО-ның алғашқы 5 айдағы жұмысы, деп хабарлады Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бұл туралы ӨКҚ-де өткен брифингте «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясының Халыққа қызмет көрсету орталығының Атырау облыстық филиалы директорының орынбасары Тұрлан Нұржанов мәлімдеді.

«Өткен жылы желтоқсан айының ортасында Атырауда мамандандырылған ХҚКО ашылды. Осы уақыттан бастап 2019 жылдың 1 сәуіріне дейін 26 934 қызмет көрсетілді. Атап айтқанда, автокөлік құралдарын тіркеу, қайта тіркеу - 20 102. Бүгінгі күні 6 832 жүргізуші куәлігі берілді», - деді Тұрлан Нұржанов.

Спикердің айтуынша, Атырау қаласының тұрғындары жүргізуші куәліктері үшін 25-30 онлайн-өтінімді толтырады. Сондай-ақ, жүргізуші куәлігін ауыстыру немесе қалпына келтіру жүргізіледі. Бұл үшін арнайы ХҚКО-ны шығару бөлімінде айырбастауға арналған жүргізуші куәлігін, жеке басын куәландыратын құжатты, сондай-ақ мемлекеттік бажды төленгендігі жөнінде электронды чекті ұсыну қажет.

«Бұның барлығын онлайн түрде жасай аласыз. Ол үшін тұрғындар egov.kz порталына кіріп, өтінішті толтырып, оны ЭЦҚ-мен қол қоюы керек. Қолданбаған фотосурет және қолтаңба суретін сканерлеу қажет. Құжаттың дайындығы туралы дербес шотыңыздағы хабарламаны алғаннан кейін дайындық жүргізуші куәлігін алу үшін арнайы ХҚКО-ға бару керек. Құжаттың дайындығы туралы хабарлама мобильді тұрғындардың деректер базасында тіркелсе, хабарландыру SMS түрінде жіберіледі», - деді «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы халыққа қызмет көрсету орталығының Атырау облыстық филиалы директорының орынбасары Тұрлан Нұржанов.




Фото: ашық дереккөз
Загрузка...