Бас жаңалықтар
Атырауда жол құрылысынан 151 кемшілік анықталды
31 Шілде 2021, 07:22 505

Атырауда жол құрылысынан 151 кемшілік анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК облыстық филиалының директоры Бекбол Мұқашовтың айтуынша, мұнайлы аймақтағы 63 нысанға бақылау жасалған.

Жыл басынан бері 63 нысанға бақылау жасалды. Жол құрылысын жүргізу жұмыстарына 417, қысқы маусымдағы жолдардың күтімін қадағалау үшін 18 рет тексеру ұйымдастырылды. Тексерудің нәтижесінде 151 кемшілік анықталды. Оның ішінде 41 өрескел ақаулық бар. Жол құрылысына қажетті материалдардан 405 сынама алып, тексеру үшін филиал зертханасына жеткізілді. Зертханалық тексеру кезінде 60 сынаманың талапқа сәйкес еместігі расталды, - дейді Бекбол Мұқашов.

Оның айтуынша, тексеру кезінде анықталған кемшіліктерді жою үшін жол құрылысына тапсырыс берушілер мен мердігер мекемелерге ұсыныс хат жолданған. Орталық мамандары анықталған кемшіліктерді уақытылы қалыпқа келтірілуін қатаң бақылауда ұстайды.

Еске сала кетейік, «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК АОФ облыс аумағындағы республикалық және жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының құрылысын және әртүрлі сипаттағы жөндеу жұмыстарын, сонымен қатар жол салуға қажетті материалдардың сапасын тексереді.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...