Атырауда жол белгілері қайта жаңартылуда

13 Қыркүйек 2019, 21:24
3867
Бөлісу:
Атырауда  жол белгілері қайта жаңартылуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырауда 2019 жылдың аяғына дейін 8426 жол белгісі  қайта жаңартылады, деп хабарлады Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Қазірдің өзінде  жұмыс  жоспарының жартысынан астамы орындалып, бөлінген қаржыға 5000-нан астам жол белгілері жаңартылды. Сонымен қатар,  биыл қала орталығындағы мектептер алдына жаяу жүргінші белгілері қойылып,арнайы жолақтар сызылды.

"Бұл өз кезегінде,  жол қауіпсіздігін қаматамасыз етіп қана қоймай, ата-аналардың уайымсыз болуына жасалып жатқан жағдай. Осыған дейінАтырау қаласындағы 40-тан астам мектептің алдына «жаяу жүргіншілер жолы» салынды. Осы бағыттағы жұмыстар енді қала маңындағы ауылдық округтердің  мектептерінде де жалғасады. Біздің мақсат –оқушылардың  жол-көлік оқиғаларына ұшырауының алдын-алу", - дейді қалалық ТКШ және АЖ бөлімінің өкілі Нұрлыбек Бітімбасов.
Өзгелердің жаңалығы