Атырауда қайғылы жол апаты: тірі қалған жалғыз адам ауруханаға жеткізілді

28 Ақпан 2020, 12:01
42798
Бөлісу:
Атырауда қайғылы жол апаты: тірі қалған жалғыз адам ауруханаға жеткізілді
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысында болған жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы салдарынан 5 адам оқиға орнында көз жұмды, деп хабарланды Polisia.kz сайтында. 

Бүгін таңертең Құлсары-Тенгиз тасжолында Жылыой ауданы Теңіз вахталық кентінен 25 шақырым қашықтықта екі автокөлік соқтығысты. 

Ресейлік есепте тұрған Chevrolet Aveo маркалы көлігінде Қазақстанның 4 азаматы болған. Олардың барлығы апат орнында қаза тапты. Қарама-қарсы бағытта келе жатқан “Лада 2131” маркалы екінші көлікте Батыс Қазақстан облысының тұрғындары келе жатқан. Жүргізуші алған жарақаттан оқиға орнында қаза тауып, жолаушы ауруханаға жеткізілді, - делінген ІІМ хабарламасында.
0f4e3459-c5b4-4724-92f4-d8db5380ae85.jpg

ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-баптың 4-бөлігі (Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан Жол қозғалысы ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Орын алған оқиғаның мән-жайы мен себептері тағайындалған сараптамалар жүргізілгеннен кейін анықталады.

Өзгелердің жаңалығы