Атырауда жекешелендіру жүріп жатыр

26 Сәуір 2019, 22:59
2245
Бөлісу:
Атырауда жекешелендіру жүріп жатыр

Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Өткен жылы Атырау облысы бойынша 20-ға жуық мекеме жекешелендіруге жататын нысандардың тізіміне енгізілген. 

Бүгінгі таңда оның 12-сі жекенің қарауына өтіп, қалған жетеуін бәсекелестік ортаға беру жоспарланып отыр. 2014 жылғы жекешелендірудің кешенді жоспарына сәйкес, «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының үлесі бар мекемелерді бәсекелестік ортаға ұсыну екінші кезеңде басталады. 

Оларға арнайы бағалау жүргізіліп, мемлекеттік мүлік тізілімі порталы арқылы сауда-саттыққа түседі. Ол Қазақстан бойынша электронды түрде жүзеге асырылады. Атырауда мемлекет меншігінен жекшелендірілген мекемелер қатарында «Первомайский» ЖШС, «Сарайшық» ӨК, «Металл Продукт» ЖШС секілді ірі кәсіпорындар бар.

« Біздің үлесімізді сатып алуға үміткер адам болатын болса олар сол портал арқылы өзінің кепілдік сомасын төлеп ары қарай қатысушы ретінде қатысып кез келген үлесті сатып алуына болады. Ал олар нарықтық бағалау арқылы жүргізіледі. Бағалау компаниялары бізге анықтап береді. Сол бойынша баға қойылып, электронды аукционға түседі. Бәрі ашық түрде болады»,-дейді «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының басқарушы директоры Нұрлан Каппазов.

Өзгелердің жаңалығы