Атырауда жауынгерлік өнер фестивалі 10 мыңға жуық көрермен жинады

27 Мамыр 2019, 22:30
1998
Бөлісу:
Атырауда жауынгерлік өнер фестивалі 10 мыңға жуық көрермен жинады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауқымды спорттық шара дәстүрлі түрде өтуде, деп xабарлады Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Сұлтан Бейбарыс алаңында өткен жауынгерлік өнер фестивалінің ұйымдастырушылары - Атырау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, облыстық жауынгерлік өнер Ассоциациясы, сондай-ақ, Олимпиадалық емес спорттық жекпе-жек федерациясы. 

Фестиваль аясында жауынгерлік өнер ассоциациясының құрамына кіретін шамамен 20 спорт түрінің чемпиондары : каратэ, муай тай, кикбоксинг, ММА, панкратион, греплинг, самбо, таэквондо және джу-джитсудан өз өнерлерін көрсетті. 

"10 мыңнан астам адам жауынгерлік өнер фестивалінің көрермені болды. Шараның негізгі мақсаты - облыста салауатты өмір салты мен спортты насихаттау. Осындай шаралардан кейін біздің тұрғындарымыз балаларын әртүрлі спорт секцияларына алып келеді деп үміттенеміз", - деді Атырау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ринат Ибрагимов. 

Іс-шара барысында келушілерге спорт залдары мен спорт секцияларының тізімі жазылған брошюралар таратылды. Келушілерге ыңғайлы болу үшін барлық қажетті ақпарат әлеуметтік желілеріне орналастырылды.  

Фестиваль соңында қазақстандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетті. Мерекелік концерт отшашумен аяқталды.















Өзгелердің жаңалығы