Атырауда жастар жаз бойы жұмыспен қамтылады

15 Мамыр 2022, 07:22
1368
Бөлісу:
Атырауда жастар жаз бойы жұмыспен қамтылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырауда «Жасыл ел» жастар еңбек жасағына өтініш қабылдау басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биыл 1800-ге жуық жасты жұмыспен қамту жоспарланған. Бюджеттен 138 миллион теңге бөлінді. Бұл жобаға жоғары оқу орындары мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері, жұмыссыз жастар қатыса алады. Сондай-ақ биыл аудандардағы жастар да жұмыспен қамтылады. Олар көгалдандыру, абаттандыру және құрылыс жұмыстарына тартылады. 

Еңбек жасақтарына қатысатын жастар арнайы киіммен қамтамасыз етіледі жұмыс кезінде киетін. Бұл жұмыс мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде «Жеті Жарғы» қоғамдық бірлестігімен ұйымдастырылуда. Қазіргі таңда «Атырау жастары» инстаграм парақшасында еңбек жасақтарына өтінімдер қабылдануда. Негізгі мақсаты – осы жастардық маусымдық болса да жұмыспен қамтылуына ықпал ету, - деді облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Злиха Таласбекова.

Өзгелердің жаңалығы