Бас жаңалықтар
Атыраудағы науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық
08 Сәуiр 2020, 09:38 227

Атыраудағы науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы Атырау облысында "COVID-19" инфекциясын жұқтырған 4 адам туралы қосымша ақпарат таратты. 

 
Ауру жұқтырғандардың 4-уі Атырау облысында тіркелді. Оның ішінде Атырау қаласында – 3, Жылыой ауданында – 1. Олардың барлығы вирус жұқтырғандармен тығыз қарым-қатынаста болған. Аталған азаматтардың барлығынан зертханалық  сынамалар алынып, диагноз нақтыланды.  Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Сонымен қатар науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда, деп хабарлайды Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.
 
Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр.
 
Бүгінге дейін аймақта COVID-19 инфекциясын жұқтырған 36 адам анықталды.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...