Атыраудағы марафонға 3 мың адам қатысты

15 Сәуір 2019, 12:41
2492
Бөлісу:
Атыраудағы марафонға 3 мың адам қатысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Марафон жеңімпаздары жас санаты бойынша марапатталды. Бұл туралы Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Атырауда жыл сайынғы Atyrau Marathon 2019 қайырымдылық марафоны аяқталды. Бұл жылғы марафон ауқымды бірқатар қалалар мен мемлекеттерден 3 мыңға жуық қатысушы жинады.

Қатысушылар 42, 21, 10, 3 және 1,2 шақырымдық қашықтық бойынша жүгіріп өтті. Барлық мәреге жеткендер медальдармен марапатталды. Жеңімпаздарға ақшалай жүлделер мен сыйлықтар табысталды.

Марафонның ең ересек қатысушысы 72 жасар ультрамарафоншы Әмегүлсін Мұсылманова болса, жүгірушілер арасында жеңіске деген жігерімен мүмкіндігі шектеулі 58 жастағы жазғы паралимпиадашы, өзінің бүгін 120-шы марафонын жүгірген Олег Сысолятин марапатталды. Жарыстың құрметті қонағы рекордшы Марат Жылқыбаев болды.

"Аtyrau Marathon 2019" ерлер арасында үшінші мәрте абсолютті жеңімпазы болып 42 шақырымды жүгіріп өткен 25 жасар Базарбай Дауталиев марапатталса, әйелдер арасында Әмина Зинорова үздік көрсеткіш көрсетті.

Айта кетейік, "Atyrau Marathon 2019" қайырымдылық марафоны жастар жылы аясында өтті. Барлық түскен қаржы қайырымдылық бағытында жұмсалады.

Өзгелердің жаңалығы