Атыраудағы газ құю стансасында жарылыс болды

5 Маусым 2020, 11:49
2206
Бөлісу:
Атыраудағы газ құю стансасында жарылыс болды
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жарылыс кезінде 4 адам зардап шекті. Бұл туралы ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгін таңертең Атабаев көшесінде орналасқан "ПромГаз" ЖШС аумағында "Форд" маркалы автоцистерна жарылған. Төтенше жағдай салдарынан сол маңда 60-70 метр жерде орналасқан ғимарат бүлінген.
Төрт адамды күйік шалды, олар ауруханаға жіберілді: жанармай құюшы, жүргізуші мен Атырау облысы ТЖД екі қызметкері - бөлім командирі мен өрт сөндіруші, - делінген ІІМ ТЖК хабарламасында.

Сағат 9.58-де өрт толықтай сөндірілген. Қаза тапқандар жоқ. Оқиға орнына Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 25 қызметкері мен 4 техника жұмылдырылған.

Газ құю стансасында зардап шеккен адамның екеуі өрт сөндірушілер. Ал ғимарат қирап қалды.


Өзгелердің жаңалығы