Атыраудағы Covid -19 жұқтырған 13 науқастың жағдайы тұрақты

31 Наурыз 2020, 16:48
1010
Бөлісу:
Атыраудағы  Covid -19 жұқтырған 13 науқастың жағдайы тұрақты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазіргі таңда науқастардың ауру белгілері  жеңіл өтіп жатыр, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Дәрігерлер Атырауда коронавирус инфекциясын жұқтырған он үш адамның жағдайы туралы мәлімет берді.  Олардың айтуынша, пациенттердің көпшілігінде ауру  асимптоматикалық жағдайда өтуде. Ауруханаға жатқызылған екі науқаста жеңіл жөтел мен  дене қызуының  37 - 37,5 градусқа дейін көтерілуі байқалады. Негізінен емделушілердің  жағдайлары тұрақты, денсаулықтарында нашарлау белгілері жоқ.

- Бүгін, 31 наурызда келген он үшінші науқастың жағдайы алаңдаушылық туғызбайды. Ол өзін жақсы сезінеді,  шағым жоқ, - деп түсіндірді Денсаулық сақтау басқармасынан.
Өзгелердің жаңалығы