Бас жаңалықтар
Атырауда Ұлыбританияның сауда өкілдері жүр
30 Сәуiр 2019, 20:05 673

Атырауда Ұлыбританияның сауда өкілдері жүр

Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атырау облысы елімізге инвестиция тартудан көш бастап тұр. 2019 жылдың қаңтар-ақпан айларында тартылған инвестицияның жалпы көлемі 620 млрд теңгеге жуық. Бүгінде Атырауда 1000-нан астам біріккен және шетелдік компания табысты жұмыс жасауда. Ол туралы Атырау облысы мен Ұлыбритания арасындағы мұнай және газ ынтымақтастығын нығайту мақсатында өткен форумда айтылды.

Аталған жиынға Ұлыбритания премьер-министрінің Қазақстан Республикасындағы сауда өкілі Баронесса Николсон, облыс әкімінің орынбасары Серік Шапкенов және мұнай-газ саласының мамандары қатысты. Олар екіжақты іскерлік қарым-қатынасты одан әрі дамыту үшін бірнеше өзекті мәселе бойынша пікір алмасып, ұсыныс білдірді.


«Кез келген мұнай-газ кен орындарында апатты жағдай болып, улы газдың таралатындығы және оның адам денсаулығына қауіп төндіретіні жасырын емес. Мысалы, күкіртті сутегінің қандай деңгейде тарағандығын, қоршаған ортаға қаншалықты қауіп келтіретіндігін алдын ала анықтай алмаймыз. Дегенмен, мұнай саласындағы мамандардың қауіпсіздігі үшін Ұлыбританияның білікті инженерлері арнайы құрылғылар жасап шығаруда. Ол жабдықтар жұмысшылардың күкіртті сутегі тараған ортада 15 минуттан астам уақыт жүруіне мүмкіндік береді. Ал, уланбас үшін бұл жеткілікті уақыт. Сондай қауіпсіздік құралдарын сіздер үшін де дайындауға және ұсынуға әзір екендігімізді айтқым келеді», - дейді Ұлыбритания премьер-министрінің Қазақстандағы сауда өкілі Эмма Николсон.


Атырау облысы мен Ұлыбритания арасындағы іскерлік байланыстың орнағанына 15 жылдан астам уақыт өтті. Бүгінде аймақта белсенді жұмыс жасап жатқан 88 компанияда британ капиталы бар. 2019 жылдың І тоқсанында Ұлыбританиямен арадағы тауар айналымы 90 млрд доллардан асқан. Ал, экспорт 4 млрд долларға жуық сомманы құраса, импорт құны 80 млрд доллар шамасында.


Фото: автордан
Загрузка...

Сізден жаңалық