Атырауда үлкен спорт фестивалі өтеді

19 Қыркүйек 2019, 21:25
1460
Бөлісу:
Атырауда үлкен спорт фестивалі өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 25-27 қыркүйек аралығында Атырау қаласында "Жастар спорт фест" атты үлкен спорттық шаралар өтеді, деп хабарлады облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бұқара халық арасында спортты насихаттауға арналған ауқымды жобада көптеген спорттық шаралар ұйымдастырылады. Тұрғындар арасында сайыстар өткізіліп, кәсіби спорт қойылымдары қойылады.

"Фестивальдің қонағы ретінде Хабиб Нурмагомедов, Абдулманап Нурмагомедов, Ислам Махачев, Забайра Тухугов сынды әлемге әйгілі жекпе-жек шеберлері және Олимпиада ойындарының жеңімпаздары Роман Власов пен Тагир Хайбуллаев келеді. Қазақстандық танымал спортшылар арасынан Максим Раков, Сергей Морозов, Дамир Исмагулов және Шавхат Рахмоновтар бар", - делінген таратылған ақпаратта.

Үш күнге жалғасатын фестиваль соңы "Gorilla Fighting Champioship 17" әлемдік додасымен аяқталады.

Өзгелердің жаңалығы