Атырауда түнде көшеде жүрген 1600-ден астам жасөспірім анықталды

11 Қараша 2021, 20:34
1373
Бөлісу:
Атырауда түнде көшеде жүрген 1600-ден астам жасөспірім анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырауда жыл басынан бері түнгі уақытта көшеде жүрген 1600-ден астам жасөспірім анықталды, деп хабарлады Polisia.kz. 

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және қауіпсіздік шараларын жетілдіру мақсатында ювеналды полиция қызметкерлері қала аумағында тұрақты негізде профилактикалық іс-шаралар жүргізуде. 

Тәртіп сақшылары құқық бұзушылық жасауға бейім кәмелетке толмағандарды, сондай-ақ өз балаларының тәрбиесімен айналыспайтын ата-аналарды анықтау және есепке қою бойынша жүргізілген рейдтердің нәтижесінде 10 айда 31 кәмелетке толмағандар мен 89 қолайсыз отбасыны және олардың 185 жасөспірім балаларын басқарманың есебіне алды. 

Одан басқа, жыл басынан бері ювеналды полиция бөлімшесінің қызметкерлері түнгі уақытта ата-анасының еріп жүруінсіз тұрғын-жайдан тыс жүрген 1600-ден астам кәмелетке толмағандарды анықтап, олардың ата-аналалары ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.


Өзгелердің жаңалығы