Бас жаңалықтар
Атырауда терезеден құлап кеткен егіздердің біреуі мерт болды
08 Қыркүйек 2021, 05:21 122

Атырауда терезеден құлап кеткен егіздердің біреуі мерт болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау қаласы Береке шағын ауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің үшінші қабатындағы терезеден 2020 жылы туған егіздер құлап кеткен. Бұл туралы Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті хабарлайды.

Оқиға кезінде егіздердің анасы жұмыста, ал әкесі ұйықтап жатқан. Өкінішке қарай, пәтердің терезелерінде темір тор орнатылмаған. Егіздердің біреуі ауруханадан көз жұмды, ал екіншісі қазір ауруханада жатыр, – делінген хабарламада.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...