Атырауда тегін берілетін дәрі-дәрмектер қайта бақылауға алынды

21 Маусым 2021, 22:49
7022
Бөлісу:
Атырауда тегін берілетін дәрі-дәрмектер қайта бақылауға алынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Атырау адалдық алаңы» жобалық кеңсесі денсаулық сақтау саласы бойынша мемлекеттен тегін 48 дерт бойынша 280 түрлі дәрі-дәрмектер берілетіндігін ақпараттандыру және денсаулық сақтау саласындағы ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында облысымыздың барлық аурухана, емхана ғимараттарында, аурухана, емханалардың ресми сайттары мен әлеуметтік желілердегі парақшаларында жариялау және әр емдеу нысандарының бірінші қабаттарына ілу үшін бір типтік үлгідегі ақпараттандыру қағазы ұсынды.

Бұл туралы «Атырау адалдық алаңы» жобалық кеңсесінен хабарлады. 
 
Осы мақсатта Атырау облысындағы барлық денсаулық сақтау ұйымында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Атырау облысы бойынша департаментінің хаты жолданған болатын. 

Алайда осы жұмыстың күні бүгінге дейін өз деңгейінде жасалмай, халықты ақпараттандыру мен денсаулық сақтау саласының қызмет көрсетілуінде ашықтықтың жоқтығы біздің 15 маусымда сайттар арқылы кейбір емдеу мекемелерге барып және басқарманың берген мәліметтеріне сүйеніп жасаған мониторингтен байқалды. 

Махамбет, Индер аудандарында жасалып жатқан жұмыстар жоқтың қасы. Құрманғазы, Мақат аудандарында өз парақшаларына жариялағанымен, сурет немесе халыққа ыңғайлы ақпараттандыру инфографикасы салынбаған. Ал қалалық №3 емхана бұрынғы тізіммен тұр, жаңартылмаған. Еркінқала амбулаторлық емхананың берілген 3 сайты да бақыланды, тегін дәрі-дәрмектер жайында ақпараттандыру жоқ.

Қызылқоға ауданы тек өз мекемелерінің сайтына салған, әлуметтік желілерге жарияламаған. Көп емханада тек сайттар мен әлеуметтік желілерге ақпараттандыру жүргізгенімен, емханалардің бірінші қабаттарына ілінбеген.

Айта кетейік, Денсаулық сақтау министрлігінің 2017 жылғы №666 бұйрығына сәйкес, тегін медициналық көмектің, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қамтамасыз етілуге, оның ішінде белгілі бір аурулары бар азаматтардың жекелеген санаттарының амбулаториялық деңгейде тегін және жеңілдікпен берілетін дәрілік заттармен және медициналық бұйымдардың тізбесі шыққан болатын.
 






Өзгелердің жаңалығы