Атырауда коронавирустан айыққандар саны 1031 адамға жетті

19 Маусым 2020, 20:05
1309
Бөлісу:
Атырауда коронавирустан айыққандар саны 1031 адамға жетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Теңіз кенішінің тағы 16 жұмысшысы инфекциялық стационардан шығарылды, деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы. 

Бүгін, 19 маусым күні өңірде он алты адамның COVID-19 індетінен айықққаны белгілі болды. 

Теңіз кенішінің он алты жұмысшысынан алынған соңғы тест нәтижесі теріс көрсеткіш көрсеткен. 14 ер адам мен екі әйел адам инфекциялық стационардан шығарылды, - дейді денсаулық сақтау басқармасынан.

Айта кетейік, бүгінде Атырау облысында коронавирустан жазылып шыққандар саны 1031 адамға жетті.

Өзгелердің жаңалығы