Атырауда сыбайлас жемқорлықпен күрес жөнінде отырыс өтті

10 Қаңтар 2020, 07:42
89630
Бөлісу:
Атырауда сыбайлас жемқорлықпен күрес жөнінде отырыс өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Нұр Отан" партиясы Атырау облыстық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  жөніндегі қоғамдық кеңестің кезектен тыс кеңейтілген отырысы өтті, -  деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.


Жиынға "Nur Otan" партиясы Атырау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары  Нұрлыбек  Ожаев төрағалық етіп, аймақтық партия филиалдарының  бірінші орынбасарлары мен жауапты қызметкерлері қатысты. Күн тәртібінде  "2019 жылғы 21 тамызда партия Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында қойылған міндеттерді орындау кезіндегі өңірлердегі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесті ұйымдастырудың нысандары мен әдістерін жетілдіру туралы" мәселелер қаралды. 
Біз өз қызметімізде Партия төрағасы – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың  "Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам" - "Нұр Отан" партиясының 7 серпіні" аясында партия тарихында айқындалған жаңа белесті қалыптастыру кезеңін өткерудеміз. Сол үшін де қоғамдық кеңестің әр мүшесі  жұмыстарды жүргізуде, ұйымдастыруда қойылатын талаптарға аса жауапкершілікпен қарау тиіс , - деді Нұрлыбек Ожаев. 

Сондай-ақ, шара барысында өткен жылдың 19-20 желтоқсанында республикалық семинар-кеңесте талқыланған аймақтық СЖҚҚК жұмысының нысандары мен әдістері де хабардар етілді. Ал,  "Әлеуметтік желілерде (қоғамдық кеңес мүшелерінің жұмысы үшін) контент және SMM жылжуы туралы)"  мәселе бойынша партиялық бақылау инспекторы Роман Мақсотов әлеуметтік желілердегі жұмысты ұйымдастыру жөнінде республикалық семинар-кеңесінде өткізілген тренингтің нәтижелерін жиналғандардың назарына жеткізді.
Өзгелердің жаңалығы