Атырауда әскерилер саябақтар мен ойын алаңдарын дезинфекциялады

27 Наурыз 2020, 07:12
1114
Бөлісу:
Атырауда әскерилер саябақтар мен ойын алаңдарын дезинфекциялады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Батыс" аймақтық қолбасшылығының әскери қызметшілері халық көп жүретін жерлерге 4 тоннадай дезинфекциялық ерітінді шашты, деп хабарлайды облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Мұнайлы астанада  қаладағы қоғамдық орындарды дезинфекциялау бойынша ауқымды акция жалғасуда.  Бұл жұмысқа . "Батыс" аймақтық  қолбасшылығының жүзге жуық әскері қатысты.  Олар күнделікті 7-8  нысанның аумағын арнайы ерітінді арқылы өңдейді.  Келесі күні халыққа қызмет көрсету орталықтарының, саябақтардың, алаңдар мен ойын алаңдарының аумағы залалсыздандырылмақ.

 

Дезинфекция жұмыстары үшін Атырау қаласының әкімдігі күн сайын  шамамен 10 нысанды анықтайды, біз күніне солардың 7-8-ін дезинфекциялаймыз. Жұмыс барысында "Рубеж" ерітіндісін қолданамыз. Оның негізгі компоненті – хлор және басқа да қоспалар. Оның адамдарға, жануарлар мен құстарға мүлдем зияны жоқ, - дейді "Батыс" аймақтық қолбасшылығының радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс әскери бөлімінің офицері Сафар Фазылов.  

Сонымен қатар әскери қызметкерлер бүгін аймақтағы ірі сауда орталықтарының аумағын санитарлық тазартуды жоспарлап отырғандығы айтылды.



Өзгелердің жаңалығы