Атырауда халықаралық «Saz Perneli Sarayshyk» фестивалі басталды

28 Сәуір 2019, 10:38
2018
Бөлісу:
Атырауда халықаралық «Saz Perneli Sarayshyk» фестивалі басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кең ауқымды шараға әлемнің 12-ден астам өзге ұлт өкілдері қатысады, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Мерекелік фестивальден өзге Сұлтан Бейбарыс алаңында көрермендер мен фестиваль қонақтары үшін Семей, Атырау, Түркістан және Ақмола облыстарының және жергілікті тарихи мұражайларының қолданбалы өнер көрмесі ұйымдастырылды.Атырауда халықаралық «Saz Perneli Sarayshyk» фестивалі басталды

Мұнда көрермендер қазақ халқының материалдық және рухани мәдениетінің құнды жәдігерлерімен, домбыралардың түрлерін, сондай-ақ ұлттық әйелдер киімін және XIX және XX ғасырдың басындағы әйелдер киімдерінің үлгілерін көре алады.

Өз сөзінде облыс әкімі Нұрлан Ноғаев қазақ халқының мәдениеті мен тарихында домбыраның маңыздылығын атап өтті.

«Домбыра - қазақ халқының жүрегі, өмірі, өткені мен бүгіні. Музыка ата-бабаларымыздың өмірінің ажырамас бөлігі болды. Домбыра түркі халықтарының әлемге сыйға тартқан ең ірі өнертабыстарының бірі деп танылып, қазақ халқының ұлттық символына айналды, олардың ұмтылысы мен даналығын сіңірді. Бұл фестиваль жасөспірімдердің домбыра мен ұлттық өнерді үйренуге қызығушылығын арттырады деп сенемін», - деді Нұрлан Ноғаев.

Гала-концертте көрермендерге театрландырылған қойылымдар, домбырашылардың халық шығармашылығымен жарқын көріністері ұсынылды, сондай-ақ ұлттық киімдері көрсетілді.

Атырауда халықаралық «Saz Perneli Sarayshyk» фестивалі басталды

Айта кетейік, мұнайлы өлкеде фестиваль-байқау 26-28 сәуір аралығында өтеді

Өзгелердің жаңалығы