Бас жаңалықтар
Атырауда сайлаушылардың  74,4 пайызы дауыс берді
25 Шілде 2021, 22:40 398

Атырауда сайлаушылардың 74,4 пайызы дауыс берді

Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атырау облысында  44 мыңнан астам сайлаушының  74,4 пайызы дауыс берді.  Аумақтық сайлау комиссиясы сайлаудың  нәтижесі 26 шілде күні сағат 15.00 жария болатынын мәлімдеді. 

Атырау қаласында 66 %, Жылыой ауданында 80,7 %, Индер ауданында 77 %, Қызылқоға ауданында 85,8 %, Исатай ауданында 85, Құрманғазы ауданында 71,7%, Махамбет ауданында 80,8 %сайлаушы өз таңдауын жасады. Ал өзге де мәліметтер әлі де жинақталуда, - дейді Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Азамат Айманакумов.

 Аймақтағы 18 ауылдық округте өткен  әкімдер сайлауын 175 бақылаушы  бақылаған. Оның ішінде 19-ы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері, 89-ы қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдардан, 46-сы саяси партия өкілдерінен, сондай-ақ, 21 кандидаттардың сенімді өкілдері қатысқан.

Байқаушылар өздерінің өкілеттілігілеріне байланысты ҚР «Сайлау» туралы заңына сәйкес жұмыстарын атқарды. Қазіргі уақытта бақылаушылардан сайлау учаскелеріне қатысты ресми түрде ешқандай арыз-шағым түскен жоқ. Жалпы бұқаралық ақпарат құралдарында кейбір бқылаушылардың  сайлау учаскесіне кіре алмау мәселесі бойынша мақалалар шықты. Оның өз себебі бар. Өйткені біріншіден сайлау комиссиясының бекіткен ережесі бар, екіншіден санитарлық шараларға байланысты кейбір учаскелерде орындықтар аз орналастырылды. Осының барлығы оларға заңдылықтар бойынша түсіндірілді, - дейді Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Азамат Айманакумов.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...