Бас жаңалықтар
Атырауда Құрбан айт күндері мерекелік жиынға тыйым салынады
31 Шілде 2020, 00:32 935

Атырауда Құрбан айт күндері мерекелік жиынға тыйым салынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысында Құрбан айт мерекесін тойлау кезінде, яғни 31 шілде – 2 тамыз аралығында бірқатар шектеулер енгізіліп отыр, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Бұл туралы ӨКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында  облыстық Бас мемлекеттік  санитариялық  дәрігерінің орынбасары Жанар Досымбаева  мәлімдеді.

31 шілдеден 2 тамыз аралығында Атырау қаласының орталық мешітімен белгілеген онлайн режимінде құрбандық шалуды жүзеге асыратындарды қоспағанда, мал сою цехтары мен мал сату базарының жұмысы тоқтатылады. Және облыс орталығы аумағында мал союды ұйымдастыруға, өткізуге, автокөліктер мен жеке үй иеліктерінде мал сатуға тыйым салынады. Бұдан бөлек, меншік нысанына қарамастан барлық ұйымдарда, жекеменшік үй иеліктерінде және медреседе адамдар көп жиналатын іс-шаралар өткізуге болмайды, - деді Жанар Досымбаева.

Талаптардың орындалу барысын Атырау қаласының полиция департаменті, аудандық әкімдіктер және ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекциясы қадағалап, мониторинг жүргізетін болады.

Айта кетейік, карантин жағдайына байланысты биыл елімізде алғаш рет қашықтан құрбан шалуды ұйымдастыру мақсатында qurban2020.kz сайты іске қосылды.




Фото: дереккөз
Загрузка...