Атырауда Рахымжан Отарбаев атындағы театр фестивалі басталады

18 Қараша 2019, 20:33
2196
Бөлісу:
Атырауда  Рахымжан Отарбаев атындағы театр фестивалі басталады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Театр фестивалінің ашылу салтанатына орай баспасөз мәслихаты өтті, деп хабарлады Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Жиынға КСРО Халық әртісі, Еңбек Ері Асанәлі Әшімов бастаған театр майталмандары,  қоғам қайраткерлері мен Рахымжан Отарбаевтың жанұясы қатысты. 
Бұл өте ауқымды, мәдени іс-шара. Өйткені, әдебиет пен мәдениетке теңдей үлес қосқан Рахымжандай перзентін елі ұмытпауы керек.  Ол Қазақстанды ғана емес, алыс-жақын шет мемлекеттерді мойындатқан санаулы суреткердің бірі. Бүгін оның рухына ас берілді, енді міне жалғасы үлкен шараға ұласып жатыр. Ұмытпай, елеп-ескерген үлкен-кішіге алғысым шексіз, - деді Асанәлі Әшімов.
РАХ1.jpeg

Сондай-ақ, жиын барысында автордың  "Бас", "И был я подобием твоим...", "Плач Чингисхана" туындылары мен  Рахымжан Отарбаевқа арналған "Аңыз адам" журналының қараша айындағы санының тұсауы кесілді.

18-22 қараша аралығында Атырау жұртшылығына көрсетілетін мәдени шараға еліміздің  9 шығармашылық ұжымы қатысады.  Олардың  өнерін сараптаушы қазылар алқасының төрағасы – КСРО халық артисі Асанәлі Әшімов, Есмұхан Обаев және  Сердеш Қажымұратұлы, Талғат Теменов, Ұларбек Нұрғалымұлы, Айзат Қыдыралиева мен Қаракөз Рахымжанқызы қазылар құрамы болып бекітілген.

 
Өзгелердің жаңалығы