Атырауда перзентханадағы аналардан коронавирус анықталған

11 Мамыр 2020, 20:00
1610
Бөлісу:
Атырауда перзентханадағы аналардан коронавирус анықталған
Фото: автордан

Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атырауда облыстық перинаталдық орталықтағы 4 жүкті әйелден коронавирус анықталды. Аналар шұғыл инфекциялық стационарға жатқылған. Олармен қатым-қатынаста болған ақ халаттылар да жедел оқшауланған. 

Сондай ақ облыстық перзентхана дерттің ошағы ретінде жабылды. Қазір жүкті әйелдерді қабылдамайды екен. Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнафис Таңбаеваның айтуынша орталықтағы медицина қызметкерлерінің ешқайсысынан инфекция анықталмаған.

Облыстық перинаталдық орталықта жүкті және босанған 47 әйел бар. Вирус анықталған аналармен тікелей қарым-қатынаста болған 9 медициналық қызметкер Атырау облысы әкмідігі және денсаулық сақтау басқармасымен бірігіп айқындалған карантиндік орталықтарына оқшауландырылды. Сол күні барлығынан сынамалар алынды. Алайда олардан коронавирус инфекциясы анықталған жоқ. Қазір қызметкерлер 14 күндік үй карантиніне жіберілді. Сонымен қатар науқас 4 жүкті анамен жақын байланыста болған 15 әйел облыстық перинаталдық орталықтағы арнайы дайындалған 20 орындық провизорлық кереуеттерге жатқызылды. Қазір олардың 9-ы босанды, - дейді Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнафис Таңбаева.
Өзгелердің жаңалығы