Бас жаңалықтар
Атырауда пандемия кезінде бала туу саны артқан
01 Қараша 2020, 03:45 177

Атырауда пандемия кезінде бала туу саны артқан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус пандемиясы басталғалы бері Атырау облысында 12 мыңдай нәресте дүниеге келді, деп хабарлайды azh.kz.

Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 538 балаға артық.
1 наурыздан бастап облыста 11 794 жаңа туған нәресте тіркелді. Бұл күніне орта есеппен 25 бала дүниеге келеді деген сөз, - деп хабарлайды Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Еске салайық, коронавирус пандемиясы кезінде облыстық перинаталдық орталықта 30 кереуеттік, ал қалалық перзентханада 8 орындық провизорлық стационар ашылған еді. Онда КВИ диагнозы расталған әйелдер босанды. Бұл аналардың сәбиінің ешқайсысынан қауіпті инфекция анықталмады.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...