Атырауда қосымша 50 орындық провизорлық стационар ашылады

25 Маусым 2020, 10:46
1276
Бөлісу:
Атырауда қосымша 50 орындық провизорлық стационар ашылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы бүгін Атырау облысы əкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Таубаевтың төрағалығымен медициналық мекемелер басшыларымен арада өткен жиында белгілі болды, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Қазір аймақта КВИ ахуалы өте күрделі болып отыр. Жиында сол себепті облыс басшылығы қосымша инфекциялық, карантиндік және провизорлық стационар ашу мәселелерін қарастырып жатқаны мәлім болды. 

Қазіргі уақытта арамызда КВИ клиникалық белгілері бола тұра, тест нәтижесі теріс көрсетіп жатқан науқастар көбейіп отыр. Бұдан бөлек,  ИВЛ аппараттарын алу мәселесі, қосымша зертхана ашу мәселелері де өткір тұр. Бірінші кезекте облыстық аурухана жанынан 50 орындық провизорлық стационар ашылатын болады. Онда КВИ-ге алынған тест нəтижесі теріс көрсеткендер бақыланады. Жетіспей жатқан ИВЛ аппараттары​ демеушілер көмегімен жуырда алынады, - делінген хабарламада.

Сонымен бірге, ТШО мен "Каспиан медикал" клиникасымен келісе отырып, КВИ-ге сынама алу үшін қосымша зертхана жұмысы жасақталған.

Ең басты мәселе, Атырауда дәрігер мамандар жетіспеушілігі болып отыр.

Кадрлар, соның ішінде реаниматолог мамандар, ИВЛ аппаратын қоятын мамандар жоқ.  Осыған орай жекеменшік ауруханалардан көмек сұралып жатыр, - деді әкімнің орынбасары  Бақытгүл Хаменова.

Ал облыс əкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев та меншік емханаларды тартыншақтай бермеуге шақырды.  

Қазір аймақтағы ахуалды көріп отырсыздар. Бізге көмектесіп, халыққа жанашырлық танытатын уақыт келді. Сондықтан бірге жұмыс істеуге шақырамын. Бұл сіздердің де азаматтық борыштарыңыз, - деді ол.  

 





Өзгелердің жаңалығы